×

Бақытжан Базарбек журналист Ботагөз Омарова ісі бойынша кепіл болғанын айтты

Бақытжан Базарбек журналист Ботагөз Омарова ісі бойынша кепіл болғанын айтты
parlam.kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Telegram-дағы «Айтпа, Ботагөз!» арнасының авторы, журналист Ботагөз Омароваға қатысты қозғалған іс бойынша пікір білдіріп, оған жеке кепіл болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еске салайық, Ботагөз Омарова 21 наурыздан бастап Астана қаласы тергеу сотының санкциясымен 21 мамырға дейін үйқамақта отыр. Полиция департаменті іс қозғалғанын растағанымен, тергеу барысы туралы толық ақпарат жарияланған жоқ.

Бақытжан Базарбектің айтуынша, журналиске Қылмыстық кодекстің 274-бабы – «көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша күдік келтірілген. Қазіргі уақытта тергеу органдары күдіктіге кепіл болатын тұлғалармен жұмыс жүргізіп жатыр.

Депутаттың сөзінше, кепіл болған адамдар Омарованың тергеуден жасырынбайтынына және барлық талапты орындайтынына жауап береді.

«Иә, мен де өз кепілдігімді бердім. Сондықтан бұл іс бойынша әділ шешім болады деп үміттенеміз», – деді Бақытжан Базарбек.

Оның айтуынша, қорғаушылар мен қолдау білдірушілер тергеу органдарының жұмысына араласпайды және барлық процесс заң аясында жүруі тиіс деп санайды.

 

 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →