Алматыда 13 жастағы қызды зорлап, АИТВ жұқтырған 42 жастағы ер адам өмір бойына сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы заңгер, әрі жәбірленуші тараптың адвокаты Ләззат Рақышева хабарлады.
«Бүгін сот процесі өтті. Естеріңізде болса, 13 жастағы қызды АИТВ жұқтырған 42 жастағы ер адам зорлаған болатын. Сот үкімі жарияланды. Сот іске нүкте қойды. Қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды», — деді Ләззат Рақышева.
Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды пышақтап өлтірді деген күдікке ілінген азамат қамауға алынған еді. Жақында оның психикалық емдеу мекемесінде жатқаны белгілі болды. Полиция бұл ақпаратты растады.