×

Шымкентте туған қызын төрт жыл бойы зорлаған әкеге үкім шықты

Шымкентте туған қызын төрт жыл бойы зорлаған әкеге үкім шықты
ашық дереккөзден

Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында туған қызын төрт жыл бойы зорлап келген ер адамға қатысты сот үкімі жарияланды. Сотталушы кәмелетке толмаған балаға қатысты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тергеу мәліметтері бойынша, сұмдық оқиға жәбірленуші 11 жасқа толған сәттен басталған. Қазіргі уақытта колледжде оқитын 15 жастағы қыз бала әкесінің азғындығына шыдамай, полицияға арызданған. Осыдан кейін ол кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылып, ал күдікті 2025 жылдың күзінде қамауға алынған болатын.

Іс жабық режимде қаралды. Сот процесі барысында айыпталушы өз кінәсін мойындамай, өзін ақтауды сұрағанымен, прокурор оны өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті. Судья істің барлық мән-жайын ескере отырып, ер адамды өмір бойына түрмеге кесу туралы үкім шығарды. Сондай-ақ ол балалармен жұмыс істеу құқығынан мүлдем айырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →