Оған сот үкімі шықты
Қырғызстанда кәмелетке толмағандарды сатумен байланысты іс бойынша үкім шығарылды. Айыпталушылар арасында Қазақстан азаматшасы мен Қырғызстан азаматы бар, деп хабарлайды Qaz365.kz.
ҚР МҚҰК мәліметінше, 2024 жылы шетелге кәмелетке толмағандарды шығарып жіберумен айналысқан топ әшкереленді.
Тергеу барысында айыпталушылардың Израиль азаматымен сөз байласып әрекет еткені анықталды. Олар ақшаға балалар сатып алып, содан кейін оларға қатысты азғындық әрекеттер жасаған, культтік рәсімдер өткізген және мұның бәрін суретке түсірген. Материалдар мессенджерлер арқылы таратылған.
Сонымен қатар топ мүшелері тағы екі балаға қорғаншылық рәсімдеген. Олармен де дәл осындай жағдай орын алған.
Сот айыпталушыларды кінәлі деп таныды: Қазақстан азаматшасы 12 жылға, оның сыбайласы мүлкін тәркілеумен бірге 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Басқа мүмкін қатысушыларға қатысты тергеу жалғасуда.