×

4 миллиард теңге жымқырды: «Транстелекомның» бұрынғы басшысы Грузиядан елге қайтарылды

4 миллиард теңге жымқырды: «Транстелекомның» бұрынғы басшысы Грузиядан елге қайтарылды

Грузия билігі Қазақстанға сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде жымқырды деп айыпталған «Транстелеком» АҚ-ның бұрынғы басшысын экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті сыбайластарымен бірге спутниктік және телекоммуникациялық жабдықтарды жалдау туралы заңсыз келісімшарт жасасқан. Соның салдарынан мемлекетке келген шығын көлемі 4 миллиард теңгеден асқан. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті елден қашып кетіп, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Ағымдағы жылдың наурыз айында күдікті Грузия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, бұл іс бойынша 2020 жылы «Транстелекомның» тағы бір бұрынғы президентіне қатысты сот үкімі шыққан болатын. Ол да жабдықтарды заңсыз жалдау мәмілесі үшін кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →