×

Атыраудағы тексерістен кейін қалалық полиция басшысы мен екі басқарма бастығы қызметінен қуылды

Атыраудағы тексерістен кейін қалалық полиция басшысы мен екі басқарма бастығы қызметінен қуылды
polisia.kz

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы мен облыстық департаменттің екі бөлім басшысы қызметінен шеттетілді. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шешім қызметтік-әскери тәртіптің дөрекі бұзылуына және жұмыстың тиісті деңгейде бақыланбауына байланысты қабылданған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, кадрлық өзгерістер қылмыстық істер бойынша айғақ зат ретінде өткен есірткі заттарының заңсыз сатылуына қатысты болуы мүмкін. Тексеріс қорытындысы бойынша Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы Бақтыбек Исаев, облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Әлішер Нұршаев және өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Саламат Қалиев, сондай-ақ кадр басқармасының жетекшісі Н.Г. Шаяденов орындарынан айырылды.

Министрліктің Өзіндік қауіпсіздік департаменті жүргізген тексеру барысында жекелеген қызметкерлердің есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар екені және қарамағындағылардан ақша бопсалау фактілері анықталған. Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Блогер табиғи қорық аймағындағы сапарының видеосын өзінің Instagram парақшасында жариялаған.
Айкөл Аликжанова өзінің Instagram парақшасында заңды некеде болғанын және олардың ортақ бір қызы бар екенін жазды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →