×

Халықаралық іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
ІІМ

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Интерполмен бірлесіп, Вьетнамның Камрань қаласында танымал блогер Қайсар Қамзаны қолға түсірді. Ол заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті әлеуметтік желілерде онлайн-казиноның жарнамалық роликтерін жүйелі түрде жариялап, қолданушыларды құмар ойындарға тартқан. Заңсыз әрекеттің нәтижесінде блогер 100 миллион теңгеден астам табыс тапқан. Бұл қаражат оның атына тіркелген криптовалюталық әмиянға аударылып отырған.

Қазіргі уақытта Қайсар Қамзаны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылуда. ІІМ өкілдері шетелде жасырыну қылмыстық жауапкершіліктен құтқармайтынын және әрбір іздеудегі тұлғаның ерте ме, кеш пе елге қайтарылатынын ерекше атап өтті.

Айта кетейік, соңғы уақытта Қазақстанда заңсыз лотереялар мен онлайн-казиноларды насихаттайтын блогерлерге қатысты бақылау күшейтілді. Бұл бағыттағы құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →