×

«Бізде шаруаларыңыз болмасын». Әнші Шаһизада100 мың ғана аударды деп кінәлағандарға ұрысып тастады

Ешкімді салыстырмаңыздар. Құдай емессіздер

«Бізде шаруаларыңыз болмасын». Әнші Шаһизада100 мың ғана аударды деп кінәлағандарға ұрысып тастады
Ашық дереккөздерден

Тасқыннан зардап шеккен халыққа әншілердің азын-аулақ ақша аударғаны желіде қатты таралды. Тіпті, тізім де жүр. Сол тізімде 100 мың теңге берген әншінің бірі - Шаһизада Байпатшанова. Ол желіде әншілерді кіналағандарға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен өз басымда ешкімде шаруам жоқ, сіздердің де бізде шаруаларыңыз болмасын. Осылай өсекшілерге айтқым келеді. Өнер адамдарынан 500-міз жиналдық та, бір чат аштық. Сол жерде 2 миллион, 1 миллион, одан кейін 100 мың теңге бергендері бар. Өсекшілер қанша ақша жиналғанын сіздер қайдан білесіздер. Ана жақтағы өсекті тыңдап, мына жақтағы өсекті тыңдап, біздің күнәларымызды мойындарыңызға алып жатсыздар. Димаш миллион доллар берді, сендер 100 мың теңгемен шектелдіңдер дегенді қойыңдар. Сол Димаштың қолынан миллион долларды санағандай сөйлеп отсыңдар. Мүмкін одан да көп берген болар. Осыған күлкім келіп отыр. Ешкімді салыстырмаңыздар. Құдай емессіздер», - дейді Шаһизада. 

Айта кетейік, тізімдегі ақпаратқа сүйенсек, Шаһизада 100 мың теңге аударған. Желі қолданушыларының әншінің бұлай ашулануын қабылдай алмады.

«Бізге қатты сөйледің. Болды, енді сенің концерт қойсаң, бармаймыз», «Тойға шақырсаң, 3-5 млн сұрайды», «Өсекші деп айтпа, сол халыктың арқасында әнші болып отырсың», «Мынау 100 мың берген ғой», «Неге Димашты көре алмайды осылар», «Бәрін жиналып, бір Димашқа жете алмадыңдар», «Өзіңді Димашпен салыстырмашы», «Күлкіңіз келсе, Ақтөбеге барып, суға бір шомылып келсеңізші», - деген пікірлер бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сахнада балағат сөз айтқан Қайрат Нұртас полиция бөлімшесіне жеткізілді
30.04.2024ж. 09:14

Сахнада балағат сөз айтқан Қайрат Нұртас полиция бөлімшесіне жеткізілді

Әншінің былапыт сөз айтқан видеосы әлеуметтік желіде жарияланған еді
Дмитро Гордон соңғы 6 жыл бойы Димаштың шығармашылығын үлкен қызығушылықпен бақылап келе жатқанын айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →