×

«Халқыммен біргемін»: Танымал әнші Динара Әлжан Атырауда тасқыннан зардап шеккендерге көмек аударды

Ол Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен бірге түскен суретін жариялады

«Халқыммен біргемін»: Танымал әнші Динара Әлжан Атырауда тасқыннан зардап шеккендерге көмек аударды
Ашық дереккөзден

 Танымал әнші Динара Әлжан Атырауда тасқыннан зардап шеккендерге көмек аударды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен бірге түскен суретін жариялады.

«Қайырлы түн, жақсыларым! Қалайсыздар? Елімізде болып жатқан соңғы жағдайлар бәрімізге оңай болмай жатыр. 10 облыс су астына кетті. Өз туған жерім Атырауға осы жағдай басталғалы көмек көрсетіп келе жатырмын. Инстаграмға жария етуді ұнатпаймын, бірақ та мен халқыммен бірге екенімді көрсеткім келеді. Қиындықта шетте қалмайық, аз да болса @asarume_kz арқылы жұртымызға көмектесейік», - деп жазды Динара Әлжан әлеуметтік желіде.

Биыл су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірдің бірі – Атырау облысы. Әсіресе, Құлсары қаласында мыңдаған үй суға кетіп, халық көшуге мәжбүр болды. Кісі өлімі де тіркелді.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын ақпарат алаңында Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы екенін мәлімдеген Динара Әлжанның «Уақыт көрсетеді» YouTube-арнасындағы сұхбаты қызу талқыланған еді. Сол сұхбатта ол Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен де арақатынасы болғанын жариялаған. Оның сөзінше, тойға шығу мақсатында Шымкентке барған, алайда кейін отырыста экс-әкіммен танысқан. Әбдірахымовтың өзі бұл ақпаратты жоққа шығарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сахнада балағат сөз айтқан Қайрат Нұртас полиция бөлімшесіне жеткізілді
30.04.2024ж. 09:14

Сахнада балағат сөз айтқан Қайрат Нұртас полиция бөлімшесіне жеткізілді

Әншінің былапыт сөз айтқан видеосы әлеуметтік желіде жарияланған еді
Дмитро Гордон соңғы 6 жыл бойы Димаштың шығармашылығын үлкен қызығушылықпен бақылап келе жатқанын айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →