Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Qaz365.kz редакциясы

Қазгидромет болжамы

baq.kz

Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады деп болжанған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Ауа райы болжамына сәйкес, 10 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның ластануы Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында күтіледі. Бұл қалаларда метеорологиялық жағдай атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз ауа райы жағдайлары – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.