Алматы мен тағы екі қала тұрғындарына ескерту жасалды

Qaz365.kz редакциясы

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар

Фото: Adobe Stock

Синоптиктер Алматы мен тағы екі қала тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"2024 жылғы 10 мамырда Алматы, Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген Қазгидромет хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.