Тұсаукесер: Қазақстанда ақшаның иісі бар кітап жарық көрді

Qaz365.kz редакциясы

1 наурызда кешкі сағат 19.00-де Алматы қаласы, Гоголь 58 мекенжайындағы «Меломан» дүкенінде «Инвестиция әліппесі. Ақшаны қалай көбейтеміз?» кітабының таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі. 

Авторлардың айтуынша, бұл жоба коммерциялық емес, ол жастардың қаржылық сауаттылығына бейжай қарамайтын азаматтардың демеушілігінің арқасында жүзеге асқан. Инвестиция туралы қазақ тілінде шыққан (жаңадан бастаушыларға арналған) тұңғыш кітап. 

Кітап қазіргі кезде «Меломан» интернет-дүкенінің желісіне түсіп, өзіндік құнынан төмен, бар болғаны 990 теңгеден сатылып жатыр.

Таныстырылымға кітап авторлары - Ерқанат Әбени, Бауыржан Шурманов, Ербол Азанбек қатысып, «Инвестиция негіздері, тәуекелдер» тақырыбында ой бөліседі.