Кселл мобильді интернет жылдамдығы бойынша Қазақстанда тағы да көшбасшы атанды

Qaz365.kz редакциясы

Рейтингті мобильді желілер сапасын әлем бойынша бақылауға маманданған халықаралық V-SPEED аналитикалық компаниясы жасады.

Фото: Kcell

«Кселл» АҚ (Kcell және activ брендтері)  телекоммуникация нарығындағы көшбасшы позициясын кезекті рет растады. Компания 2025 жылғы 1 сәуірден 2026 жылғы 31 наурызға дейінгі кезең қорытындысы бойынша SpeedGeo-ның мобильді интернет жылдамдығы рейтингінде бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

V-SPEED халықаралық компаниясының 2026 жылдың бірінші тоқсанына арналған есебіне сәйкес, Kcell/activ деректерді жүктеудің ең жоғары орташа жылдамдығына қол жеткізді — 72,1 Мбит/с. Бұл көрсеткіш Қазақстандағы барлық операторлар арасындағы ең үздік нәтиже.

Рейтинг пайдаланушылар смартфондар мен планшеттерде 3G, 4G LTE және 5G желілерінде жүргізген 64 716 тесттің нәтижесіне негізделген. Операторлар деректерді жүктеудің орташа жылдамдығы бойынша бағаланды. Бұл көрсеткіш сайттардың қаншалықты жылдам ашылатынын, видеолардың жүктелуін және қосымшалардың жұмыс істеу сапасын тікелей көрсететін негізгі пайдаланушылық тәжірибе индикаторы. 
Зерттеу шеңберінде жүктеу жылдамдығымен қатар деректерді жіберу жылдамдығы мен қосылым кідірісі де есепке алынды, бұл байланыс сапасын кешенді әрі объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Деректер SpeedGeo экожүйесінде пайдаланушылар жүргізген интернет жылдамдығы өлшеулерінің негізінде қалыптастырылды. Бұл экожүйеге мобильді қосымшалар мен веб-платформа кіреді. Әрбір өлшеу барысында қосылымның негізгі параметрлері — жүктеу және деректерді жіберу жылдамдығы, сондай-ақ кідіріс уақыты тіркеледі.

Барлық нәтижелер автоматты сапа бақылауынан өтеді: жүйе қате немесе аномалиясы бар деректерді алып тастап, қорытынды көрсеткіштердің дәлдігін қамтамасыз етеді. Есептеу кезінде байланыс операторы, құрылғы түрі, геолокация және желі типі сияқты бірнеше фактор ескеріледі. Бұл тәсіл қайталанатын өлшеулердің әсерін азайтып, бағалаудың объективтілігін арттырады.

Зерттеу нәтижелері Kcell/activ мобильді интернетінің тұрақты сапасы мен жоғары жылдамдығын, сондай-ақ компания енгізіп жатқан технологиялық шешімдердің тиімділігін айқын дәлелдейді. Kcell бүкіл ел бойынша пайдаланушыларды жылдам, сенімді және заманауи цифрлық сервистермен қамтамасыз ету үшін желіні дамытуға және қамту аясын кеңейтуге инвестиция салуды тұрақты түрде жалғастырып келеді.