"Отбасы банк" депозиттерді сату қызметін тоқтатады

Qaz365.kz редакциясы

Бұл ретте банк депозиттерді туыстарына беру мүмкіндігін қалдырды

ЭК / Андрей Халин

"Отбасы банк" депозиттерді сату қызметі тоқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“2023 жылдың 21 тамызынан бастап Otbasy Bank-те Интернет-банкинг арқылы «Онлайн депозитті тағайындау (депозитті сату)» қызметінің жабылатыны туралы хабарлаймыз.

2023 жылдың 21 тамызына дейін депозитті сатып алу немесе сату процесін іске қосқан банк клиенттері көрсетілген күннен кейін Банктің осы қызметті көрсету шарттарына сәйкес стандартты режимде процестерді аяқтау мүмкіндігіне ие болады”, – делінген хабарламада.

Бұл ретте банк депозиттерді туыстарына беру мүмкіндігін қалдырды.

“Сондай-ақ «Отбасы Банкінде» сіздің туыстарыңызға депозиттер беру мүмкіндігі әлі де бар екенін еске саламыз. Мұны тек банк бөлімшелерінде ғана емес, Otbasy bank мобильді қосымшасында онлайн режимінде де жасауға болады. Процедура 5-10 минутты алады”, – делінген хабарламада.