Досаев Шымбұлақ маңынан заңсыз жер алған кәсіпкерлердің есімін атай алмады

Qaz365.kz редакциясы

4 шенеунік анықталған

Коллаж: Qaz365.kz

Алматы әкімі Досаевқа Наурызбай ауданы халқымен кездесуінде Шымбұлақ маңынан заңсыз жер алған Forbes тізіміндегі кәсіпкерлердің кім екендігі жайында сұрақ қойылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кездесуге келгендердің бірі әкімдік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тексеріп, Шымбұлақ ауданында жер телімін алған Forbes тізіміндегі шенеуніктерге қатысы бар төрт кәсіпкерді анықтағанын айтты. Әкімнен олардың аты-жөнін айтуын өтінді.

“Білмеймін. Жалпы тізім үлкен және бұл іс бойынша жұмыс жалғасуда. Құрылыс, жер телімдері мәселесін қарап, Антикормен бірге үлкен жұмыс жасадық. Қаласаңыз ресми сұрау жіберіңіз. Сол кезде жауап аларсыз”, – деп жауап берді қала әкімі.