RAMS QAZAQSTAN «Алматы - біздің ортақ үйіміз» атты ауқымды науқанды қолдады

Qaz365.kz редакциясы

Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қаланы қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шықты

8 сәуір мен 8 мамыр аралығында шаһарымызда «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр, оның басталғаны туралы айдың басында қала әкімі Ерболат Досаев жариялаған еді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Науқанның үшінші кезеңі шеңберінде жағалаулар мен суқоймаларын, саябақтарды, скверлер мен тау бөктерін тазалауды қамтиды. RAMS QAZAQSTAN компаниясының барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері сүйікті қаламызды қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шықты.

Қалалық әкімдікпен тығыз үйлесімділікте, Сәтбаев көшесінің орталық бөлігінде саябақ аймағы бар учаске анықталды, онда көптеген тұрғын үй кешендері, құрылыстар, ойын-сауық мекемелері шоғырланған, сондай-ақ онда белсенді өтетін бөлігі бар.

“Біз қала әкімінің «Алматы - біздің ортақ үйіміз» атты ауқымды науқанға қосылуға шақыруын зор ықыласпен қабылдадық. Өздеріңіз білетіндей, біздің негізгі тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлік қорымыз дәл осы жерде орналасқан, сондықтан да, біз аумақты тазалықта ұстау, абаттандыру және қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мәселелеріне ерекше ықылыспен қараймыз. Осылайша, RAMS QAZAQSTAN компаниясы корпоративтік құндылықтарға берілгендігін көрсетіп, қоғам алдында әлеуметтік жауапкершілікпен қарайды, сондай-ақ шаһарымыздың барлық тұрғынын осы бастаманы қолдауға және бүкіл күш-жігерімізбен тәртіп сақтап, қаламызды аялауға шақырады. Қаламызды, табиғатымызды бірге аялайық”, – деді RAMS QAZAQSTAN компаниясының Бизнесті дамыту жөніндегі директоры Еркін Байбатыров.

Айта кетейік, “Біздің қала – біздің мақтанышымыз” науқанының соңғы, төртінші кезеңі 29 сәуір мен 8 мамыр аралығында өтеді, онда ескерткіштер мен мәдениет нысандарын тазалау бойынша іс-шаралар жоспарланған.