Ұлықбек Есдәулет Жазушылар одағының төрағалығынан бас тартып, кандидатурасын алып тастады

Qaz365.kz редакциясы

Ол 2018 жылы Қазақстан Жазушыларының кезекті XV құрылтайында төраға болып сайланған

turkystan.kz

Алматыда өтіп жатқан Қазақстан Жазушылар одағының XVI құрылтайында ақын Ұлықбек Есдәулет төрағалықтан бас тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Түріксой  (Түркі халықтарының өнері мен мәдениетін дамытуға ықпал жасайтын халықаралық ұйым) басшыларымен ақылдаса келе сайлауға қатысу ниетімнен бас тартпақ шешім қабылдадым. Сонымен, өз кандидатурамды тізімнен алып тастаймын», - деді Ұлықбек Есдәулет. 

Айта кетейік, Ұлықбек Есдәулет  төраға болып, 2018 жылы Қазақстан Жазушыларының кезекті XV құрылтайында сайланған.