Жазушылар оппозиция болмауы керек - Мереке Құлкенов

Qaz365.kz редакциясы

Ол Жазушылар одағының құрылтайында осылай деп мәлімдеді

Qaz365.kz

“Жазушылар оппозиция болмауы керек”. Жазушылар одағының кезекті XVI құрылтайында одақтың жаңадан сайланған төрағасы Мереке Құлкенов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Мына Қазақстан деген елдің басқарып отырған басшылығы да, оның жазушылары да қашан да бірін бірі қадірлеп келген, бағалап келген, сыйлап келген. Әрине, жазушылар болғаннан кейін, сын болады. Бірақ ешқашан біздің жазушылар оппозиция болмайды деп есептеймін. Болмауы керек деп есептеймін. Өйткені оппозиция деген сөз – мемлекеттің басшысына қарсы болу деген сөз. Мен оған келісе алмаймын. Қазіргі президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өнер адамдарына, ғалымдарға, жазушыларға өте ерекше көңіл бөліп отыр”, – деді жаңадан сайланған одақ төрағасы.

Айта кетейік, бүгін Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының XVI құрылтайы өтті. Жиында ақын Ұлықбек Есдәулет жаңа қызметке ауысуына байланысты төрағалықтан бас тартып, сайлауға түспейтінін жеткізді

Құрылтайдан соң басқарма жиынында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мереке Құлкенов Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасы болып сайланды

Жиынға Қазақстан Жазушылар одағының 525 делегаты, арнайы шақырылған қонақтар, БАҚ өкілдері қатысты. Қазіргі таңда Жазушылар одағының жалпы мүшесі 970-ке таяған.