ҚР Президенті Қ.Тоқаев 17-19 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен барды
Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен ұшақтағы үстел басында отырған фотосы мен видеосын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Көк аспанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен әңгімелесіп отырған сәт! Мазмұнды іссапардан естелік!» - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.
Еске салайық, ҚР Президенті Қ.Тоқаев 17-19 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен барды.
Одан кейін Орталық Азия елдері басшылары және Си Цзиньпиннің алдында Димаш Құдайберген өнер көрсетті.