Димаш Құдайберген Мемлекет басшысымен ұшақта түскен фотосын жариялады

Qaz365.kz редакциясы

ҚР Президенті Қ.Тоқаев 17-19 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен барды

instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен ұшақтағы үстел басында отырған фотосы мен видеосын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Көк аспанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен әңгімелесіп отырған сәт! Мазмұнды іссапардан естелік!» - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, ҚР Президенті Қ.Тоқаев 17-19 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен барды.

Одан кейін Орталық Азия елдері басшылары және Си Цзиньпиннің алдында Димаш Құдайберген өнер көрсетті.