Алматыдағы автобус апаты: сот Дархан Ахметжановке үкім шығарды

Qaz365.kz редакциясы

Сот оны кінәлі деп таныды

Фото: Jogargy_sot

Алматыда өткен сотта Дархан Ахметжанов 2023 жылы желтоқсанда үш адамның өмірін қиған автобус апатына кінәлі деп танылып, 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Дархан Ахметжанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 бабы бірінші бөлігі бойынша 1 жылға, 351 бабы 3 бөлігі бойынша 8 жылға сотталсын. Қылмыстық кодекстің 58 бабы 2 бөлігіне сәйкес, Дархан Ахметжановқа түпкілікті 8 жыл бас бостандығынан айыру туралы жаза кесілді», - деді судья Шәкіров.

Айта кетейік, бүгін сот сөз берілген Ахметжанов 293 баптың бірінші бөлігі бойынша кінәсін мойындап, ал, 351 баптың 3 бөлігіндегі кінәні мойындамады. Ол соттан оны бас бостандығын шектеу туралы жаза қолдануын сұраған еді.

Еске салайық, Алматыда автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кеткен еді. Салдарынан 3 адам мерт болды. Кейіннен оқиға болған сәтте жүргізушіні жолаушы ұрып талдырып тасталғаны айтылды.