Шертпе күй орындаушылары арасында республикалық жарыс өтеді

Qaz365.kz редакциясы

Бас жүлде иегері 1 млн теңге жеңіп алады

ekaraganda.kz

Алматыда 1-3 желтоқсан аралығында “Шертпе күй” республикалық дәстүрлі музыка фестивалі өтеді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
 
Байқау екі кезеңнен тұрады, онда қатысушылар дәстүрлі шертпе күй мектебі өкілдерінің 5 шығармасын және қатысушының таңдауы бойынша қазіргі заманғы композитордың бір күйін орындайды.
 

“Министрлік ауқымды жобаны қолға алды. Негізгі мақсатымыз – “шертпе” стилін кеңінен насихаттау және келешегі зор домбырашыларға қолдау көрсету. Қызу дайындық жұмыстары жүргізілгенін ерекше атап өткім келеді. 16 қыркүйектен 23 қарашаға дейінгі аралықта 45 өтінім келіп түсті. Олар негізінен – 16 мен 35 жас аралығындағы жастар. Енді фестиваль қорытындысы бойынша бірінші орын иегері 750 мың теңге, екінші орын иегері 500 мың теңге, ал үшінші орын иегері 300 мың теңге алады. Сондай-ақ арнайы дипломдар мен сыйлықтар бар. Ал бас жүлде иегері 1 млн теңге жеңіп алады”, – деді ҚР МСМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Данияр Әлиев.