Қазақ фильмдері қанша касса жинады

Qaz365.kz редакциясы

Тізімнің басында Нұрлан Қоянбаев түсірген «Қазақша бизнес Үндістанда» фильмі тұр

ашық дереккөзден

Отандық продюсер Әсел Тоянова әлеуметтік желідегі парақшасында 2023 жылы ең көп касса жинаған фильмдердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тізімнің басында Нұрлан Қоянбаев түсірген «Қазақша бизнес Үндістанда» фильмі тұр. Аталмыш туынды 1 млрд 281 млн теңге  қаржы жинаған. Екінші орында «Хотя бы в кино 2» орналасқан. Оның кассасы – 985 млн теңге. Ал үздік үштікті «Маған назар аудар» фильмді түйіндейді.  «Жайдарман» арқылы танылған көңілді жігіттердің туындысы 818 млн пайда тапқан.

Алғашқы бестікте «Жыным сол», «Ажырасам» фильмдері де бар.

Жалпы, тізімдегі 21 фильм 6 млрд 241 млн теңге пайда тапқан.