«Елорда кубогы-2022» ойыны өтті

Qaz365.kz редакциясы

Ойынға 15 команда қатысты

Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен "Қазақстан КВН одағы" РЖҚБ ұйымдастыруымен 2022 жылдың 5 қараша күні Бейбітшілік және Келісім сарайында дәстүрлі «Елорда кубогы-2022» ойыны  өтті, деп хабарлайды qaz365.kz

«Елорда кубогы-2022» Республикалық жобасы - әр жыл сайын өтетін дәстүрлі, «Жайдарман» ойындарының арнайы жобаларының бірі. Астарлы әзіл мен қағытпа қалжыңға толы бұл жобада еліміздегі саяси ахуалды асқан тапқырлықпен көрерменге жеткізді.

Аталмыш сайысқа еліміздің барлық аймағынан 15 команда қатысып, нәтижесінде араға 2 жыл үзіліс алып қайта оралған Семей қаласынан келген «Шатыр» құрамасының жігіттері бас жүлдені қанжығасына байлады. Күміс жүлдені  Шымкенттік «Абырой» құрамасы алса, 3-орын көрші Қырғызстан мемлекетінен келген қонақтарымыз  «Торнадо» командасына бұйырды. «Үздік ойыншы» номинациясы «Талант» құрамасы  капитаны Орынғалиев  Мейрамбек алды.   

Ойынға елімізге танымал жұлдыздар Динара Сәтжан, Әбунасыр Серіков, Әділ Ахметов төрелік етті.