«Алтын адам» Париждегі Лувр музейінде көрмеге қойылады

Qaz365.kz редакциясы

2026 жылы Франциядағы Лувр музейінде Қазақстанның ұлттық көрмесі ұйымдастырылады

Ашық дереккөздерден

2026 жылға жоспарлаған Луврдағы қазақ өнерінің көрмесі аясында «Алтын адам» тарихи жәдігері келушілердің назарына ұсынылмақ, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Алтын адам» – Қазақстанның ең құнды жәдігері, елдігіміздің символы. Бұған дейін аталған жәдігерді халықаралық деңгейде ұлттық брендке айналдыру мақсатында «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық жобасы әлемнің 12 мемлекетінде жүзеге асты. 2026 жылы Франциядағы Лувр музейінде Қазақстанның ұлттық көрмесін ұйымдастыру аясында «Алтын адам» мен музейдегі тарихи құндылығы бар заттар жәдігерлерді іріктеу комиссиясына ұсынылады», - делінген Ұлттық музейдің жауабында.