Жайдарман ашық лига ойындарының чемпионы анықталды

Qaz365.kz редакциясы

Әр аймақтан 6 команда қатысты

фото: qaz365.kz

Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен "Қазақстан КВН одағы" РЖҚБ ұйымдастыруымен 2022 жылдың 5-қарашада Бейбітшілік және Келісім сарайында Астана қаласының ашық чемпионатының финалдық ойыны өтті, деп хабарлайды qaz365.kz

Ойындарға елімізге танымал әзілкештер Тасхан Қанат, Бекзат Дүйсенов, Ғалым Махамбетов және Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Қайрат Қамбаров төрелік етті.

Бұл ойынның қазылар алқасы төрағасы Жоғары лига ойындарының жүргізушісі, "Қазақстан КВН Одағы" директоры Есен Елеукен болды.

Нәтижесінде, бас жүлдені Шымкент қаласынан келген ерекше құрама "Бәрекелді кірпі" жігіттері иеленсе, күміс жүлде Атыраулық "Индер" құрамасына бұйырды. Ал 3-орынға Оралдық "Дежавью" командасы жайғасса, "Үздік ойыншы" номинациясы Астаналық "Элита" командасының ойыншысы Сапаров Наурыз атанды.