«Міржақып. Оян, қазақ!» үш күнде комедиялық фильмдерді басып озып, бірнеше миллион касса жинады

Qaz365.kz редакциясы

Тикетон  2023 жылдың 12-15 қазаны аралығында кинотеатрларда көрсетіліп жатқан фильмдердің кассалық түсімін жариялады

«Міржақып. Оян, Қазақ!» фильмі кинотеатрларда аншлагпен көріліп жатқаны туралы бұған дейін жазған едік. Шығармашылық топтың еңбегі еш кетпепті. Тикетон қанша касса жинағанын мәлім етті, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Тикетон  2023 жылдың 12-15 қазаны аралығында кинотеатрларда көрсетіліп жатқан фильмдердің кассалық түсімін жариялады. Осы үш күнде  «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі 107 миллион теңге жинады. Екінші орында әзілкеш Жанболат Найзабеков түсірген Coco-Jumbo (62 миллион теңге) болса, үздік үштікті The Exorcist (45 миллион теңге) түйіндеді.


Еске сала кетейік, туынды Qazaqstan ұлттық телеарнасының қолдауымен түсірілген. Алғашында 6 сериялық сериал негізінде дайындалды. Кейін оны фильмге айналдырып, 21 қыркүйектен бастап, кинотеатрларда көрсетілді. 

Бұған дейін фильмнің прокаттан алынуы әлеуметтік желілерде қызу талқыланған болатын. Кейін Qazaqstan ұлттық арнасының өзі туындыны таратудан алып тастағаны анықталды. Алайда, қоғамда резонанс туған соң, фильмнің прокаты бір аптаға ұзартылды. Басты рөлді актер Бақыт Қажыбаев сомдайды.