Димаш Құдайберген Пласидо Домингомен бірге ән айтты

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы қазақстандық әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, видео жариялады

Видеокадр

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген испан опера әншісі Пласидо Домингомен бірге сахнада өнер көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы қазақстандық әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, видео жариялады.

Дарын иелері бұл әнді 2023 жылы орындады, бірақ қойылымның бейнебаян премьерасы 19 қаңтарда Virtuosos YouTube арнасында пайда болды. Олар VIRTUOSOS V4+ халықаралық жобасының финалына қонақ ретінде келген.

«Будапештте өтіп жатқан байқауда Пласидо атамызбен Жорж Бизенің «Pearl fishers» операсынан Надир мен Зурганың ариясын орындадық», – деп жазды Димаш Құдайберген.