Әлемнің ең қымбат қалалары белгілі болды: Алматы мен Астана нешінші орында

Qaz365.kz редакциясы

Рейтинг жарияланды

Фото: Polisia.kz

Сербиялық Numbeo сервисі әлем қалаларында өмір сүру индексін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл рейтинг бірнеше факторларға сүйене отырып жасалады. Олар: тұтынушылық баға, тұрғын үй құны және өмір сүру деңгейі.

Салыстыру үшін Нью-Йорк прайсы негізге алынған, оған базалық деңгей – 100 ұпай берілген. Қала небары 10-орын иеленді.

Әлемдегі ең қымбат қалалар тізімінің ондығы келесідей:

  1. Гамильтон, Бермуд аралдары;
  2. Цюрих, Швейцария;
  3. Базель, Швейцария;
  4. Лозанна, Швейцария;
  5. Сан-Хосе, АҚШ;
  6. Женева, Швейцария;
  7. Сан-Франциско, АҚШ;
  8. ​​​​​​​ Берн, Швейцария;
  9. ​​​​​​​ Вашингтон, АҚШ;
  10. Нью-Йорк, АҚШ.

Рейтингте Алматы 270-орынға табан тіреген, ал Астана 289-орында тұр. Орталық Азиядағы қалалар арасында Бішкеш – 332-орын, Ташкент 330-орын иеленген.

Дубай 142-орынға жайғасқан, ал Ыстамбұл - 267-орында тұр.