«Ерке сылқым» күйінің авторы өмірден озды

Qaz365.kz редакциясы

Танымал күйші-композитор қайтыс болды

Фото: zhambyl-ocnt.kz

Белігілі күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әбдімомын Желдібаев 90 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әбдімомын Желдібаев 1934 жылы 15 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданында  өмірге келген. Күйші-композитор Жамбыл мәдени ағарту училищесін, Алматы консерваториясын бітірген. 1964 жылдан Шу аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды.

Ол 30 жылдан аса уақыт бойы «Шу еркесі» халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті. Композитордың «Арман құс», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сынды 70-тен астам күйі мен әні бар. Оның «Ерке сылқым» күйі халыққа кеңінен таралған. «Құрмет» орденімен марапатталған.