Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева су тасқынынан зардап шеккендерге 2 миллион теңге аударды

Qaz365.kz редакциясы

Бұған дейін әншілерден ең көп қаржыны Димаш Құдайберген аударған еді

Әншінің жеке мұрағатынан

Су тасқынынан шеккен аймақтардың халқына ел алдында жүрген өнер адамдары неге қолдау көрсетпейді деген сөз желіде қызу талқыланып жатыр. Тіпті, кейбір эстрада жұлдыздарының 100 мыңнан теңгеден әрі аса алмай қалғаны да көпшіліктің сынына ұшырады. Дегенмен арасында миллиондап аударып жатқандары да жоқ емес. Солардың бірі дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ел басына күн туғанда, келген зардапта халықтың жоқ-жітігін білетін, зардапты жоюдың жолын білетін, әр отбасының жайына қандай көмек беруді заңды түрде білетін, сенімді қорларға аударған жөн.Көрінген жеке адамдар қор ашып кеткенін заманда, көмек жетті ма деген, халықтың наразылығын да естіп жатырмыз.Ақтөбе, Атырауға көмек берем деушілерге, сенімді, әкімдіктің ашқан қоры реквизиттері бар аударуларыңызға болады. Елмен біргемін! Ұлттық өнерімді ұлықтаған, су басқан елдерге 2 миллион тенге аудардық», - деп жазды Айгүл Елшібаева.

Бұған дейін әншілерден ең көп қаржыны Димаш Құдайберген аударған еді. Ол 15 миллион берді. Ал Мәдина Сәдуақасова мен Тұрсынбек Қабатовтар 1 миллион теңгеден берді. Роза Әлқожа халықтан жинап, 500 мың теңге жіберді. Қалған әншілер 100-200 мыңнан қосылып, 25 миллионға жеткізді.