Димаш Құдайберген америкалық жаңа фильмнің саундтрегін орындайды

Qaz365.kz редакциясы

Фильмнің премьерасы жақында болады

Фото: dimashnews.com

Танымал режиссер Джеки Чанмен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан америкалық композитор, актер әрі продюсер Натан Ванг қазақстандық музыкант Димаш Құдайбергеннің саундтрегін орындайтын жаңа фильмінің жарыққа шыққанын мәлімдеді деп хабарлайды Qaz365.kz.

Фильмнің премьерасы 2024 жылдың жазында болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Димаш Джеки Чанның《急先锋》// Авангард фильмінің саундтрегін орындады. «Happy» әні үлкен жетістікке ие болып, «FRESH ASIA» хит-парадында бірінші орынға ие болды.

Димаш Құдайберген мен Джеки Чанның таныстығы әнші Қытайдағы әйгілі ән байқауына қатысқан кезде басталған. Сол кезде Димаш әйгілі актердың арқасына шапан жапқан.

Көп өтпей Қазақстанға Джеки Чан келіп, Димаш Құдайберген екеуі тағы кездесті.