Аралас мектептердегі тілге қатысты даулар мені алаңдатады — Оқу-ағарту министрі

Qaz365.kz редакциясы

Оның айтуынша, бұл мәселеге ең бірінші кезекте, сол өңірдегі білім беру органдары назар аударуы керек

Коллаж: Qaz365.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев аралас мектептерде тілге қатысты туындайтын дауларға алаңдайтынын мәлім етті. Оның айтуынша, бұл мәселеге ең бірінші кезекте, сол өңірдегі білім беру органдары назар аударуы керек, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Алматы облысында бірнеше аралас мектеп ашылатыны жөнінде, алайда Оқу-ағарту министрлігі ол мектептерді қазақ мектебі болсын деп талап қойып жатқаны жөнінде бізге ақпарат келді. Бұл қаншалықты дұрыс? Жалпы аралас мектептерге деген көзқарасыңыз қалай?» - деген сұрақ қойылды министрге.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, министрлік ең бірінші кезекте, кез келген мектептердегі оқу процесінің сапалы ұйымдастырылуына баса мән береді.

«Біздің балаларымыз әлемдік бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуы үшін міндетті түрде барлық пәндердің сапалы берілуі өте маңызды. Сондықтан, мектептің арасындағы тілге қатысты мәселеге ден қойылып жатуы мені алаңдатады. Себебі осы дау шеңберінде мектептегі сапа мәселесіне назар аударылмай қала ма деген қауіп бар», - деді министр үкімет кулуарында.

Министрдің айтуынша, кез келген өңірлерде мектеп ашылған кезде ол қай тілде ашылуы керектігін министрлік шеше алмайды.

«Министрлік ешқашан ондай тапсырма бермейді. Ол – жергілікті атқарушы органдардың өзінің сол жердегі жағдайға байланысты шешімі. Құзыреті. Әрине, облыстық білім басқармасы немесе білім бөлімдері, білім басшылығы бұл мәселені сол жердегі жергілікті халықпен бірлесе отырып, шешуі тиіс. Ондай кикілжіңдердің болуы сол жердегі органдардың өз жұмыстарын тиісті деңгейде орындауы керектігін меңзейді», - деп жауап берді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласындағы атышулы №25 мектепте таяуда тағы бір дау-дамай өрттей өршіп барып сөнгендей болғанын жазған едік. Ол кезде орыс сыныбының ата-аналары славяндардың діни мерекесі – Масленицаны өткізіп, мектеп аумағында тұлып (чучела) өртемек болған