Алматылық оқушылар 30 мыңға жуық өрен қатысқан халықаралық байқаудан 1-орын алды

Qaz365.kz редакциясы

Ғарыштық қоныстар - бұл АҚШ-тың NASA ұйымдастырған 7-12 сынып оқушыларына арналған дәстүрлі байқау

@oqu_agartu

Алматыдағы физика математика-бағытындағы NIS оқушылары Рамазан Әміре мен Сымбат Барсағазы дайындаған «Aenoica» жобасы әлемнің үздік зымыран құрастырушыларының арасынан топ жарып, үздік атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жоба кураторы, 11 сынып оқушысы Райымбек Әбілбектің айтуынша, идея жаңа технологияларды енгізуге негізделген.

«Біз 300 мың тұрғынның үйіне айналатын станция құрып қана қоймай, кванттық коммуникацияларды, технологиялық дамыған агрокультураны пайдалана отырып, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін құрдық. Біздің жоба үздіктер қатарына енгеніне қуаныштымын», - деді Райымбек.

Ғарыштық қоныстар - бұл АҚШ-тың NASA ұйымдастырған 7-12 сынып оқушыларына арналған дәстүрлі байқау. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен оқушылар мен студенттер қатысып, еркін ғарыштық қоныс тұжырымдамасын әзірлеу үшін жұмыс істейді. Биыл байқауға әлем бойынша 30 мыңға жуық оқушы қатысып, алматылық оқушылар бірінші орынды иеленді.