Төрегелді Шарманов түлектерге қандай кеңес берді

Qaz365.kz редакциясы

Академиктің айтуынша, мамандықты біреудің айтуымен емес, өзіңнің қалауыңмен таңдау қажет

baq.kz

Қазақ ғалымы, нутрициолог, ҚР ҰҒА мен РҒА академигі, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауға қатысты кеңес берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Академиктің айтуынша, мамандықты біреудің айтуымен емес, өзіңнің қалауыңмен таңдау қажет.

“Мамандық деген біреудің айтуымен болмайды. Ішкі дүниең әйтеуір осы мамандықтан үлкен материалдық жағдайға жетем деп ойлап қарамау керек. Бұл салада сен жақсы еңбек етсең, әрине үлкен жетістікке жетесің. Сондықтан мамандық таңдағанда ішкі дүниеңді тыңдау керек. Қайсысын сүйесің? Не үшін жақсы көресің? “Өзімнің жұмысымды тереңірек, мәндірек сезсем, менің де мүмкіншілігм артады” деген сезім болуы керек. Ол сезімсіз сенім тумайды”, – деді академик.