Жаңа оқу жылы қарсаңында кеңсе тауарлары 64%-ға қымбаттады

Qaz365.kz редакциясы

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше

ашық дереккөзден

Қазақстанда соңғы бір жылда қалам-қағаз бен басқа да кеңсе тауарлары айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, кеңсе тауарларының бағасы 2022 жылдың шілде айымен салыстырғанда 2023 жылдың шілдесінде 64,4% қымбаттаған.

"Атап айтқанда, мектеп дәптері – 77,2%, қалам – 38,6%, түсті қарындаштар – 41,9%, сурет альбомы – 44,1% қымбаттады", – делінген статистика бюросы таратқан хабарламада.