Мектеп пен балабақша жоқ жерде көппәтерлі тұрғын үй салуға тыйым салынады

Qaz365.kz редакциясы

Жаңа заң жобасы бойынша, жанында дайын мектеп, балабақша болмаса, құрылысқа рұқсат берілмейді

Qaz365 коллажы

Қалаларда мектеп пен балабақша салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады,  деп хабарлайды Qaz365.kz.  Бұл туралы Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап беріп жатқанында айтты. 

«Үш ауысымды мектептердің саны әлі азая қойған жоқ. Дайын әлеуметтік инфрақұрылымы жоқ мегаполистерімізде құрылыс жүріп жатыр. Ондағы балалар үш ауысымда оқиды. Бірақ мұндай көпқабатты тұрғын үйлерді салуға рұқсат бергенде, әкімдіктің осындай айқын жағдайларды ескермегеніне балалар кінәлі емес», – деді депутат.

Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, депутаттар арнайы заң жобасын дайындаған. Жаңа заң жобасы бойынша, жанында дайын мектеп, балабақша болмаса, құрылысқа рұқсат берілмейді.