ҰБТ-дағы пәндер бойынша шекті балл жарияланды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығы хабарлады

Baq.kz

Ұлттық тестілеу орталығы 2024 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудегі шекті балмен таныстырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік)

  • Математикалық сауат – 10 тапсырма, шекті балл – 3;
  • Оқу сауаты – 10 тапсырма, шекті балл – 3;
  • Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, шекті балл – 5;
  • Бірінші бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5;
  • Екінші бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.

"Жоғарыда аталған өзгерістерге байланысты тестілеу уақыты қысқарады. Енді ҰБТ тапсыруға оқушыларға 3 сағат 30 минут (210 минут) бөлінеді. Бұрын 4 сағат (240 минут) берілген. Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек”, – дейді Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдемесінде