Министрдің жазбасынан кейін ҚазҰУ оқытушы Қастайдың жұмысында қалатынын хабарлады

Qaz365.kz редакциясы

Дастан  Қастайдың атынан жұмыстан шығу бойынша университетке өтініш түспеген

Коллаж Qaz365.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушы Дастан Қастайдың әлеуметтік желідегі ашық хатына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

​“Журналистика факультетінің  оқытушысы  Дастан Қастай 2023 жылдың 1 қыркүйегінен жұмысқа алынды. Дастан  Қастайдың атынан жұмыстан шығу бойынша университетке өтініш түспеген.  
​Сол себепті Д.Қастай журналистика факультетіндегі қызметінен босатылмағанын хабарлаймыз”,
- деп хабарлайды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін журналист, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінің оқытушысы Дастан Қастай жұмыстан негізсіз шығып қалғанын жазған еді. Бұл жайтты әлеуметтік желіге пост ретінде жазған ол университет мұндай қадамға не үшін барғанын нақты түсіндірмей отырғанын айтқан. Президентке жүгінген.

Осы шудан кейін Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек ҚазҰУ басшылығы жұмыстан қуған оқытушының қызметінде қалатынын жариялады.