680 млн теңге: Алматы облысында білім бөлімінің басшысы ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Qaz365.kz редакциясы

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Фото: zakon.kz

Алматы облысы Іле ауданы білім бөлімінің басшысы жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол Іле ауданының орта мектептерінде іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға адамдар тобымен алдын ала сөз байласу бойынша жалақы аудару арқылы 680 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді.

«Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, өзінің жүргізушісін мектеп-гимназияға кәсіби бағдаршы лауазымына жалған жұмысқа орналастырып, оған заңсыз 4,9 млн теңге жалақы төлеген. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», – делінген Антикор хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.