Оқушылар мектепте намаз оқыған: министрлік шара қолданбақ

Qaz365.kz редакциясы

Оқу-ағарту министрлігі тексеріс бастады

Видеодан скриншот

Желіде оқушылардың мектепте намаз оқыған видеосы тарады. Оқу-ағарту министрлігі оқиғаға байланысты тексеріс бастады деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі 31-арнаның «Информбюро» жаңалықтарына сілтеме жасап. 

Видеодан бір топ баланың сәждеге жығылып жатқанын байқауға болады. Олардың арт жағында мектеп партасы көрінеді. Спорттық киім киген бозбалалар қай мектептің шәкірттері екені әзірге белгісіз. Оқиғаның қай өңірде болғаны да беймәлім.

Заң бойынша оқу орындарында діни құлшылық жасауға тыйым салынған. Ведомство өкілдері сабақ барысында құлшылық жасауға рұқсат берген білім ошағын анықтап, шара қолданбақ.