Хабарламадан кейін студенттерді сабақтан босатқан
Алматыдағы Сүлеймен Демирел университетіне бомба қойылды деген бомба қойылды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Университетке анонимді нөмірден бомба қойылды деген қоңырау түскен. Осыдан кейін студенттерді сабақтан босатқан.
«Тұп-тура 12-де сигнал берілді. Сол уақыттан бастап, барлық студенттерді шығара бастадық. Осыдан кейін полиция, өрт сөндірушілер келді. Жарты сағаттан кейін студенттер үйге қайтарылды», - дейді оқытушылардың бірі.