Сүлеймен Демирел университетіне бомба қойылды деген ақпарат тарады

Qaz365.kz редакциясы

Хабарламадан кейін студенттерді сабақтан босатқан

Фото: univero.cc

Алматыдағы Сүлеймен Демирел университетіне бомба қойылды деген бомба қойылды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Университетке анонимді нөмірден бомба қойылды деген қоңырау түскен. Осыдан кейін студенттерді сабақтан босатқан.

«Тұп-тура 12-де сигнал берілді. Сол уақыттан бастап, барлық студенттерді шығара бастадық. Осыдан кейін полиция, өрт сөндірушілер келді. Жарты сағаттан кейін студенттер үйге қайтарылды», - дейді оқытушылардың бірі.