Мектеп оқушысы айтыстан алған жүлдесін су тасқынына зардап шеккендерге аударды

Qaz365.kz редакциясы

Бекзат Баян - Орал қаласындағы №49 ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы

Ашық дереккөзден

Қызылордада өткен «Көктем нұры» атты республикалық оқушылар айтысында арнайы сыйлық иегері атанған оралдық Бекзат Баян 100 000 теңге көлемдегі жүлдесін түгелдей қайырымдылыққа жұмсады. Бұл туралы Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының БҚО-дағы филиалы мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бекзат аударған қаражатқа етігімен су кешіп жүрген БҚО белсенді жастарынан құралған еріктілерге су өткізбейтін жартылай комбинизондар сатып алынды. 

Бекзат Баян - Орал қаласындағы №49 ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы, «Жұлдыз» комьюнити орталығының «Күміс қоңырау» жас ақындар үйірмесінің тәрбиеленушісі.
Еске сала өтсек, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар.