Министрдің бұйрығын елемеген: Талғардағы мектептің "аралас мектеп" боп ашылуына жергілікті билік мүдделі болған

Qaz365.kz редакциясы

Алматы облысы Талғар ауданындағы жаңадан салынған оқу орны «қазақ мектебі болып ашылады» деп сүйіншілегенімен, көп ұзамай аралас мектеп болып ашылды

ашық дереккөзден

Алматы облысы Талғар ауданындағы жаңадан салынған оқу орны «қазақ мектебі болып ашылады» деп сүйіншілегенімен, көп ұзамай аралас мектеп болып ашылды. Бұл мәселе аудан тұрғындарының наразылығын тудырып, қоғамда қызу талқыланды.

Республикалық БАҚ беттерінде мақалалар жарияланып, ата-аналар мен қоғам белсенділерінің қатысуымен бірнеше жиын өткен-ді. Алайда жергілікті тұрғындарыдың наразылығына қарамастан, оқу орны аралас мектеп болып ашылды. Экс-депутат Жұлдыз Сүлейменова журналист Самал Ибраеваға берген сұхбатында қазақ мектебінің аралас мектеп болып ашылуына жергілікті атқарушы билік өкілдерінің мүдделі болғанын айтты. Тіпті, олар министрліктің бұйрығын да елемеген.

«Талғардағы мектепке келер болсақ,  ол жерде мен бар, экс-депутат Жанарбек Әшімжан бар, қазақ мектебі болып ашылуына бүкіл жағдай жасадық. Оқу-ағарту министрлігінің принципі, бұйрығы болды. Бірақ бұл жергілікті атқарушы биліктің құзіретіндегі шаруа. Біз Алматы облысы әкімінің орынбасары мен Білім басқармасы басшысы және орынбасарымен бір апта барып келіссөз жүргіздік. Бұл мәселені шешуге келгенде жергілікті атқарушы билік органдарының жаны ашымайтынын байқадық, басқаша айта алмаймын. Біздің тараптан барлық жағдай жасалды. Оқу-ағарту министрлігі бұйрықты да шығарып берді. Құзірет кімнің қолында? Әкімнің қолында», - деді экс-депутат.

Сондай-ақ экс-депутат Назарбаев мектептерінің атауын ауыстрыға қатысты пікір білдірді