Сұмдықтың беті үш ай бұрын ашылғанымен күдіктілер енді ғана қамауға алынды.
Түркістан облысына қарасты жындыханадағы науқастарды зорлады деген қос күдікті ақыры қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы қаланың полиция департаменті мәлімдеді. Олардың екеуі де Түркістан облысының психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері.
Бұған дейін жазғанымыздай, қыздарын қорлап, жүкті еткенін айтқан екі бірдей ана шағымы жарияланған еді . Етегі жасқа толған Түркістан облысының тұрғындары психикалық ауытқушылығы бар қыздарын мекеме қызметкерлері бір емес бірнеше рет зорлады деген. Салдарынан кәмелет жасына толмаған науқас жүкті болып, жүйкесі жұқарып жасанды түсік жасатқанын да жеткізді. Сұмдықтың беті үш ай бұрын ашылғанымен күдіктілер енді ғана қамауға алынды.
Бұрын хабарлағандай психиатриялық емханадағы зорлау туралы арыз бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңда кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдікті екі тұлға сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жалғасуда,-дейді Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының бастығы Батыр Мырзагелдиев.