×

Түркістан облысында психикалық ауытқуы бар науқастар мекеме ішінде зорланған

Науқас бойжеткеннің бойына бала біткен

Түркістан облысында психикалық ауытқуы бар науқастар мекеме ішінде зорланған
Фото Qaz365.kz

Түркістан облысында психикалық ауытқуы бар мекемеге жатқызылған бойжеткен емделудің орнына жүкті болып шыққан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жайлы екі бойжеткеннің анасы мәлімдеді. Кәмелет жасына толмаған олардың бірі тіпті ауруханадан емделіп шығудың орнына жүкті болып шыққан дейді. Осыған қарамастан науқастарға азғындық жасады деген орталық қызметкерлері әлі күнге дейін жауапқа тартылмаған. 

БАҚ-қа арызданған ана бет-жүзін көрсеткісі келмейді. Ол – психикалық ауытқушылығы бар бойжеткеннің анасы. 17 жастағы қызына үш жыл бұрын шизофрения диагнозы қойылып, содан бері психикалық денсаулық орталығында ем алып келген. Алайда облыстық мекемеге емдеуге жіберген қызы қорланып келген. Зорлықтың қашан басталғаны белгісіз. Белгілісі – науқас бойжеткеннің бойына бала біткенін анасы екі ай өткенде білген.

«УДЗ-ға (УЗИ) апардым. Сол кезде 10 апта 4 күн деп берді. УДЗ-ға бір емес, екі рет түсірдік. Сол кезде жүктіліктің мерзімі екі жарым айлық екенін білдік. Қызымның тергеуде айтқаны: «Теледидар бөлмесінде, камерасы жоқ жерде аяқ-қолын темір кереуетке керіп байлап, аминазин деген ұйықтататын екпені салып, екі санитар зорлаған. Мұндай әрекеттерін камера қойылмаған баспалдақта да жасапты. Содан кейін төбені жинайды деп шатырға шығарып, тағы да ойларына келгенін істеген», - дейді анасы.

Қызының қорланғанына жаны күйзелген ана осы екі санитардың үстінен арызданғанын айтады.

«Қылмыстық іс қозғалып, ешқандай әрекет істеп жатқан жоқ. Бармаған жерім қалмады. Жазудай-ақ жазып жатырмын. Камераны да бізге көрсетпеді ғой. Одан кейін, амал жоқ, адвокат жалдадым. Адвокатпен барып, камераны алдық. Бірақ оны көруге маған мүмкіндік бермеді. Мүмкін арасында өздері тазалап өшіріп тастаған шығар. Не тергеуші көрсетпейді», - дейді ол.

Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығында жатып қызметкерлерге қорландым деген тағы бір бойжеткен бар. 21 жастағы науқас болған жайды бірден жақындарына мәлімдеген.

“Жәбірленушіден анализ де алынды. Алайда арызды бірден қабылдамаған құзырлы орган өкілдері үш айдан бері қол қусырып отыр”, – дейді зорлық көрдім деген қыздың анасы.

Арызды бірнеше айдан кейін қабылдады деген полицейлер әлі күнге дейін сараптама жүргізіліп жатқанын жеткізген. Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық полиция басқармасының бастығы Батыр Мырзагелдиев аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар өткізіліп жатқанын хабарлады.

Ал қылмыстық әрекет орын алды делінген Түркістан облысының психикалық денсаулық орталығы аталған жайт бойынша пікір білдіруден бас тартқан.

Жындыханада зорландым деген екі науқас та қазір үйінде. Кәмелет жасына толмай жүкті болған бойжеткен жасанды түсік жасатып, жүйкесі сыр берген. Ата-аналары енді оны қайтардан сол психикалық денсаулық орталығына жіберуге мәжбүр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол суицид жасаймын деп қорқытқан
Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →