×

ШҚО-да жаңа қонақүй ашылды: туризмге инвестиция құю жалғасып жатыр

ШҚО-да жаңа қонақүй ашылды: туризмге инвестиция құю жалғасып жатыр
ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысында аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен «Monotel» атты жаңа қонақүй ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жобаны жеке инвестор Мейрамбек Садықов жүзеге асырды. Инвестиция көлемі 2,2 млрд теңгені құрады.

Қонақүйде жалпы сыйымдылығы 92 адамды құрайтын 46 нөмір бар, оның ішінде: 32 стандарт, 8 жартылай люкс, 2 люкс және 4 президенттік нөмір. Сонымен қатар 200 орындық мейрамхана қарастырылған.
Аталған жоба аясында 50 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Нұрымбет Сақтағанов атап өткендей, мұндай бастамалар экономиканың дамуына тікелей әсер етеді.

«Кәсіпкерлік, инвестициялар және туризм өзара тығыз байланысты. Бір бағыт екіншісінсіз дами алмайды. Жаңа орналастыру нысандарының ашылуы - өңірдің инвестициялық тартымдылығының көрсеткіші әрі шағын және орта бизнесті дамытуға қосымша серпін береді», - деп атап өтті ШҚО әкімі.

Жаңа қонақүйдің ашылуы - облыстың туристік инфрақұрылымын дамытудағы және аймақ қонақтарына көрсетілетін қызмет сапасын арттырудағы кезекті қадам.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →