×

«Заң мен тәртіп»: Атырауда құқықтық сана тақырыбында кездесу өтті

Құқықтық мәдениеті жоғары, жауапкершілігі мол ұрпақ қалыптастыру – баршаға ортақ міндет

«Заң мен тәртіп»: Атырауда құқықтық сана тақырыбында кездесу өтті
Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Атырауда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Азаматтық тәрбие, құқықтық мәдениет, жастардың әлеуметтік жауапкершілігі» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қоғамның әр саласынан жиналған зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен белсенді жастар, жас спортшылар мен түрлі пәндер бойынша олимпиада жеңімпаздары бас қосқан жиын бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі ең өзекті мәселелерді талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.

Жиынды ашқан облыс прокуроры Мадияр Басшыбаев заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіп тұрақты қоғамның басты кепілі екенін атап өтті. Оның айтуынша, құқықтық мәдениеті жоғары, жауапкершілігі мол ұрпақ қалыптастыру – баршаға ортақ міндет.

Жиын барысында облыс прокурорының орынбасары Дархан Жыланғозов «Заң мен тәртіп» қағидатының мәніне кеңінен тоқталып, өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды саралады. Қатысушылар назарына ұсынылған арнайы бейнеролик те құқықтық тәрбие мәселесінің өзектілігін айқындай түсті.

Өңірдегі жастар саясатына қатысты ой қозғаған облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов жастар тәрбиесінде орта мен құндылықтардың шешуші рөл атқаратынын жеткізді. Ол саналы ұрпақ қалыптастыру үшін отбасы, мектеп және қоғамның бірлескен жұмысы аса маңызды екенін атап өтті.

Ал облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов жастар тәрбиесіндегі сабақтастықтың мәніне тоқталып, аға буынның өмірлік тәжірибесі жас ұрпаққа бағыт-бағдар беретінін айтты. Оның сөзінше, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие – рухани берік қоғам қалыптастырудың негізі.

Жастар ұйымдары да бұл бағыттағы жұмыстардан шет қалған жоқ. Ануарбек Батаев «Дала қырандары» қоғамдық бірлестігінің өңірдегі жобаларын таныстырып, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және патриоттық тәрбиені күшейту бағытында атқарылып жатқан істерге тоқталды.

Жиында сөз алған облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиев, спортшы Айбат Рахманов және Аида Хайруллина жастардың қоғамдық белсенділігі, спорттың тәрбие құралы ретіндегі маңызы және ақпараттық кеңістіктің ықпалы туралы ой бөлісті. Спикерлердің пікірінше, бүгінгі жас буын тек білімді ғана емес, заңды құрметтейтін, ел болашағына бейжай қарамайтын азамат болуы тиіс.

Кездесу барысында белсенді азаматтар марапаттар табысталды. 

Рита Өтеуғали

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →