×

«Мәселелер созылып кетті»: Бектенов әкімдіктер мен «Бәйтерек» холдингінің жұмысын сынға алды

«Мәселелер созылып кетті»: Бектенов әкімдіктер мен «Бәйтерек» холдингінің жұмысын сынға алды
Үкіметтің баспасөз қызметі

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында экономикалық өсуді қамтамасыз ету шараларын жеделдетуді және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтуді талап етті. Үкімет басшысы наурыз айында мақұлданған экономикалық резервтерді ынталандыру жоспарының кейбір тұстары кешігіп жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атап айтқанда, Олжас Бектенов «Бәйтерек» холдингін капиталдандыру және тұрғын үйлерге инфрақұрылым тарту үшін әкімдіктердің бағалы қағаздар шығару мәселелерінің созылып кеткенін атап өтті. Сондай-ақ, басым салаларда қосылған құны жоғары инвестициялық жобаларды анықтау жұмыстарының тиімділігі төмен екеніне назар аударды.

«Әрбір басшыға салалар бойынша өсу көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін тікелей жауапкершілік жүктелген», — деп ескертті Премьер-министр.

Үкімет басшысы Конституцияның қабылдануымен (реформалар аясында) ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын, бұл мемлекеттік аппаратқа, әсіресе басшыларға жаңа талаптар жүктейтінін қадап айтты. Бектеновтің сөзінше, әрбір шенеунік өз жұмыс тәсіліне түбегейлі жаңаша көзқараспен қарап, Мемлекет басшысы айқындаған жаңғыру күн тәртібіне сәйкес келуі тиіс.

Жиын соңында Премьер-министр мемлекеттік қызметшілерден құрғақ есеп емес, нақты нәтиже талап етілетінін тағы да еске салды. Ол барлық түйткілді сұрақтарды жедел шешіп, халыққа сезілетін оң өзгерістер жасауды тапсырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Абзал Құспан бір мандатты депутатқа арнайы аппарат беруге Қазақстан үкіметінің де, қоғамның да дайын емес екенін атап өтті
Президенттің айтуынша, алдағы сайлау жай ғана саяси шара емес, ол мемлекеттік басқару тетіктерін түбегейлі жаңартудың бастауы болмақ.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →